/KASE, 30.12.22/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы
(KASE немесе биржа) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00009132
облигацияларын (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb27;
1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; айналыстың басталу күні кейінірек
анықталады, айналыстың соңғы күні – 15.06.34, жылдық купон, жылдық
0,50%; 30/360) жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізіледі.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Қазақстан
Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance Сентрас Секьюритис" АҚ
(Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 30 000 000 000
теңге.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен
саны көрсетілуі тиіс. Өтінімнің минималды көлемі 1 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 30 желтоқсанында
Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-дан 12:00-ге дейін жүргізіледі.
Жазылу шеңберінде KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген
шектеулі өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2022 жылдың
30 желтоқсаны; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға
беру күні – 2022 жылдың 30 желтоқсаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні
мен уақыты – 2022 жылдың 30 желтоқсаны, Астана қ.уақытымен 15:30.
Есептсеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге
асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай
мәліметтер кіреді:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның
атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.
Жаңа редакциядағы Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелерінің
мәтіні KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланатын болады.
[2022-12-30]