Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZ2C00009132 (BRKZb27) облигацияларына жазылу 29 желтоқсаннан 30 желтоқсанға ауыстырылды

28.12.22 17:47
/KASE, 28.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00009132 облигацияларын бастапқы орналастыру (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb27; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; айналыстың басталу күні кейінірек анықталады, айналыстың соңғы күні – 15.06.34, жылдық купон, жылдық 0,50%; 30/360) оларға жазылу 29 желтоқсаннан 30 желтоқсанға ауыстырылды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance Сентрас Секьюритис" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 30 000 000 000 теңге. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен саны көрсетілуі тиіс. Өтінімнің минималды көлемі 1 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 30 желтоқсанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-дан 12:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылу шеңберінде KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектеулі өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2022 жылдың 30 желтоқсаны; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2022 жылдың 30 желтоқсаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2022 жылдың 30 желтоқсаны, Астана қ.уақытымен 15:30. Есептсеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Жаңа редакциядағы Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелерінің мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланатын болады. [2022-12-28]