/KASE, 28.12.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) акциялардың
шығарылым аңдатпасына тіркелген өзгерістердің көшірмелерін және бұрын
берілген акциялардың орнын басатын 2022 жылдың 22 желтоқсанындағы
жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті
KASE-ге ұсынды.
Аталған құжаттарға сәйкес:
- Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігі компания акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген
өзгертулерді тіркеді;
- аталған куәлік Компанияның жарияланған жай акцияларының санының
ұлғаюына байланысты ауыстырылды және бұрын жарияланған
35 670 200 жай акцияларын ескере отырып берілді;
- шығарылым KZ1C00001486 71 340 401 жай акцияларына бөлінген.
Аталған өзгертулер KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmgf9_izm_221222.pdf
[2022-12-28]