22 желтоқсаннан бастап "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00009249 (LZGRb5) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді
/KASE, 22.12.22/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 20 желтоқсанында "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KZ2C00009249 (LZGRb5; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 12 ай; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2022 жылдың 22 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланады.
[2022-12-22]