KASE Басқармасы "Лизинг Групп" ЖШС KZ2C00009249 (LZGRb5) облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңының "коммерциялық облигациялар" санатына енгізуге келісім берді

20.12.22 17:57
/KASE, 20.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 26 қазанындағы шешімімен "Лизинг Групп" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңының "коммерциялық облигациялар" санатына KZ2C00009249 (1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 12 ай; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) енгізуге келісім берілді. KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық KASE-де ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталмыш облигацияларға LZGRb5 қысқартылған белгілері (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында жарияланатын болады. [2022-12-20]