/ҚАЙТАЛАУ/ 12 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp. US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады.

12.12.22 09:25
/KASE, 12.12.22, 02.12.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 ("KASE Global" секторы, NEM_KZ) жай акцияларымен KASE- дегі сауда- саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталған акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2022 жылдың 01 желтоқсанынан бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің бекітілуіне байланысты тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұдан бұрын 2022 жылдың 30 қарашасында KASE жаңалығы жарияланған болатын "01 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында US6516391066 (NEM_KZ) Newmont Corp. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады" – https://kase.kz/ru/news/show/1492695/ [2022-12-12]