15 желтоқсаннан бастап Еуразиялық даму банкінің XS2361431476 (EABRe4) халықаралық облигациялары және "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00008514 (KAFIB12) облигациялары Т+ қамтамасыз ету тізіміне және GCGlobalSec КС мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы құралдарының тізбесіне енгізілетін болады
/KASE,13.07.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2022 жылғы 15 желтоқсаннан бастап ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (т+ қамтамасыз ету тізімі) мынадай облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады:
- XS2361431476 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe4) Еуразиялық даму банкі;
- KZ2C00008514 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb12) "ҚазАгроҚаржы" АҚ.
Сондай-ақ, KASE Басқармасы 2022 жылдың15 желтоқсанынан бастап жоғарыда аталған облигацияларды GCGlobalSec қатысу клирингтік сертификатын (КС) шығарудың general мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы құралдарының тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдады.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамтамасыз ету тізімі KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланған – толығырақ
GC Global Sec КС мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы құралдарының тізбесі сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2022-12-09]