12 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp.US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады.

02.12.22 10:57
/KASE, 02.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 ("KASE Global" секторы, NEM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталған акциялармен KASE-де сауда-саттық 2022 жылдың 01 желтоқсанынан бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің бекітілуіне байланысты тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2022 жылдың 30 қарашасындағы жаңалығы жарияланған болатын "01 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" – https://kase.kz/ru/news/show/1492695/ [2022-12-02]