KZ
9 мамыр 2025, 17:50
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.11.2022 10:44 #Қаржы құралдары

29 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында US6541061031 (NKE_KZ) Nike, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

/KASE, 29.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 29 қарашасынан бастап, есеп айырысу күні 2022 жылдың 05 желтоқсаны және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде саудаланатын, Nike Inc. (АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2022 жылдың 05 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2022-11-29]