"Кристалл Менеджмент" АҚ тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған лицензияның қолданылуын тоқтатқаны туралы хабарлады

25.11.22 11:24
/KASE, 25.11.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 2022 жылдың 22 қарашасында тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған лицензияның қолданылуының тоқтатылғаны туралы KASE-ге хабарлады. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_license_221122_340-22%D0%BD.pdf [2022-11-25]