KZ
13 мамыр 2025, 14:06
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.11.2022 18:07 #Корпоративтік уақиғалар

28 желтоқсанда "ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

/KASE, 24.11.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге мынадай хабарлама берді:

дәйексөздің басы

"ForteBank" акционерлік қоғам (бұдан әрі – Банк) оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, өз акционерлеріне Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" Заң) 35-бабының 1-тармағы, 37-бабы 2- тармағының 1) тармақшасы және 41-бабы негізінде Банктің Директорлар кеңесінің бастамасымен (2022 жылғы 22 қарашадағы № 41(з) хаттама) шақырылып жатқан Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Жиналыс 2022 жылғы 28 желтоқсанда Астана қаласының уақытымен сағат 10.00-ден бастап келесі мекенжайда өткізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс залы.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2022 жылғы 28 желтоқсанда Астана қаласының уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін Жиналыс өткізілетін орын бойынша жүргізіледі.

Жиналысқа қатысуға құқы бар Банк акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 05 желтоқсанда Астана қаласының уақытымен сағат 00.00-гі жағдайы бойынша жасалады.

Кворум болмаған жағдайда, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы Жиналысы 2022 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласының уақытымен сағ. 10.00-ден бастап сол мекенжай бойынша және болмай қалған жиналыстың күн тәртібімен қайтадан өткізіледі. Қайтадан өткізілетін Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2022 жылғы 29 желтоқсанда Астана қ. уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін жүргізіледі.

Жиналыстың күн тәртібі:

1. "ForteBank" акционерлік қоғамының Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.

2. 2023-2025 жылдары және 2023-2025 жылдар бойынша "ForteBank" акционерлік қоғамының қаржылық есептілігіне аудит және шолуды жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туралы.

дәйексөздің соңы

Хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында орналастырылған:

[2022-11-24]