Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
/ҚАЙТАЛАУ/ 24 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Johnson&Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады
/KASE, 24.11.22, 17.11.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 24 қарашасынан бастап Johnson & Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттықтары қайта басталатыны туралы хабарлайды.
Аталған акциялармен KASE сауда-саттығы 2022 жылдың 15 қарашасынан бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің бекітілуіне байланысты тоқтатылды.
Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2022 жылдың 15 қарашасындағы "15 қарашадан бастап KASE-де Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" жаңалығы жарияланған болатын – толығырақ
[2022-11-24]