KZ
22 сәуір 2025, 07:58
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.11.2022 16:30 #Қаржы құралдары

22 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында төрт атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 21.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 22 қарашасындан бастап есеп айырысу күні 2022 жылдың 01 желтоқсаны және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелеріндегі мынадай жай акциялармен KASE сауда-саттықтары тоқтатылатынын хабарлайды:

1) US1912161007 ("KASE Global" секторы, KO_KZ) The Coca-Cola Company (АҚШ);

2) US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ) M&T Bank Corporation (АҚШ);

3) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) NVIDIA Corp. (АҚШ);

4) US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) QUALCOMM Inc. (АҚШ).

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2022 жылдың 01 желтоқсанда көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2022-11-21]