/KASE, 21.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 22 қарашасындан
бастап KASE-де Еуропалық қайта құру және дамыту банкінің XS2555207096
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары, EBRDe16; 16,0 млрд теңге;
17.11.22-17.11.24; жылдық купон, жылдық 15,35%; actual/365) халықаралық
облигацияларымен сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
KASE интернет-ресурсында
https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe16/ сілтеме
бойынша жарияланды.
[2022-11-21]