Еуропалық Қайта Құру және даму банкі KASE-де жазылу арқылы жылдық 15,35 %-бен XS2555207096 (EBRDe16) екі жылдық халықаралық облигацияларды орналастыра отырып, 16,0 млрд теңге тартты
17.11.22 18:21
/KASE, 17.11.22/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылдың 15 қарашасында
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жазылу арқылы
Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің XS2555207096 (EBRDe16; 16,0 млрд
теңге; 17.11.22 – 17.11.24; жылдық купон; actual/365) халықаралық
облигацияларын бастапқы орналастыру жүргізілді.
Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болды.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 15 қарашада
Астана қаласы уақытымен сағат 09:30-дан 11:30-ға дейін жүргізілді.
Орналастыруға номиналды көлемі 15 000 000 000 теңге (номиналды құны
1 теңгеден 15 000 000 000 дана) облигациялар ұсынылды. Жазылым
шеңберінде шектеулі және нарықтық өтінімдер қабылданды.
Баға ретінде өтінімде купон мөлшерлемесінің мәні, ондық үтірден кейінгі
екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілген, қаржы
құралдарының саны ретінде – теңгедегі номиналды көлем көрсетілді. Сатып
алушылар үшін берілген өтінімдердегі облигациялардың максималды
санына шектеулер жазылу шарттарымен белгіленбеген.
Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы
номиналды көлемі 16 000,0 млн теңге болатын үш лимиттелген өтінім
берілді, олар өтінімдерді жинау аяқталған кезде белсенді деп танылды.
Берілген белсенді өтінімдерде өтеуге кірістілік жылдық 15,35 % құрады.
Сұраным ұсынымнан 1,1 есе асып түсті.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде институционалдық инвесторлардың
үлесіне – 56,2 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 43,8% тиесілі болды.
Орналастыру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 16 000 000 000,0 теңгеге
өтінімдер қанағаттандырылды. Эмитент 16,000,000,000 облигацияларын
орналастырып, өтеуге кірістілігін жылдық 15,35% деңгейінде анықтады.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне
сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша барлық
мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды.
[2022-11-17]