16 қарашадан бастап Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің XS2555207096 (EBRDe16) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

16.11.22 19:00
/KASE, 16.11.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 10 қарашасындағы шешімімен Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің XS2555207096 (16,0 млрд теңге; 17.11.22-17.11.24; жылдық купон, жылдық 15,35%; actual / 365) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді. Аталған облигацияларға рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың бұл шешімі 2022 жылдың 16 қарашасынан бастап күшіне енді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға EBRDe16 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe16/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2022-11-16]