/KASE, 15.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2022 жылдың
15 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде Еуропалық Қайта Құру және
даму банкінің XS2555207096 халықаралық облигацияларын оларға жазылу
арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет
етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 15 000 000 000 теңге.
Орналастыруға жоспарланған облигациялардың жиынтық номиналды
көлемі алдын ала және аталған жазылым бастамашысының хабарламасы
бойынша өзгертілуі тиіс.
Сатушы ұсынған ақпаратқа сәйкес: облигациялардың айналыс мерзімі-екі
жыл, айналыстың басталу күні – 2022 жылдың 17 қарашасы, айналыстың
аяқталу күні – 2024 жылдың 17 қарашасы, купондарды төлеу кезеңділігі –
жылына 1 рет, уақыттық база – actual/365.
Баға ретінде өтінімде үтірден кейінгі екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен
жылдық пайызбен көрсетілген купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі керек.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде теңгемен номиналды көлемі
көрсетілуі тиіс. Лот бір облигацияға тең, өтінімнің ең төменгі көлемі
1 000 теңгені құрайды.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 15 қарашасында
сағат 09:30-дан 11:30-ға дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым
шеңберінде шектеулі және нарықтық өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2022 жылдың
15 қарашасы; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға
беру күні – 2022 жылдың 15 қарашасы; есеп айырысуды жүзеге асыру
күні мен уақыты – 2022 жылдың 17 қарашасы, Астана қаласы
уақытымен 9:30. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/ru/membership сілтеме бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
беріледі.
Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу ережелерінің жаңа редакциясы KASE
интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі
бойынша жарияланатын болады.
[2022-11-15]