"HALYK FINANCE" АҚ, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ, "FREEDOM FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "BCC INVEST" АҚ 2022 ЖЫЛҒЫ 15 ҚАРАША САҒАТ 09:00-ДЕ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК" АҚ IPO АЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ БӨЛШЕК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ҚАРАҒАНДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

14.11.22 19:30
/KASE, 14.11.22/ – "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) жай акцияларына жазылу кезінде бірлескен букраннерлер болып табылатын "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлама берді, онда мыналар хабарланады: цитатаның басы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоуды өткізу шеңберінде инвесторлармен кездесулер өткізуді бастайды және Сізді Қарағанды қаласындағы әлеуетті бөлшек сауда инвесторларымен кездесуге қатысуға шақырады. Таныстырылым Қарағанды қаласында 2022 жылғы 15 қарашада сағат 9.00- да Аманжолов, 162/а мекенжайы бойынша "Космонавт" қонақ үйінде өтеді. Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, IPO параметрлері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып береді, сондай-ақ Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді. Спикерлер: - Абдрахманов Қанат Амангелдіұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ Стратегия және активтерді қаржы-экономикалық басқару департаментінің аға менеджері - Айдарбеков Дархан Жақсыбекұлы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Қаржы департаментінің жетекші маманы - Ердосов Назар Науанұлы, "Halyk Finance" АҚ Бизнесті дамыту департаментінің директоры - Шокан Мустафин, Freedom broker аймақтық директоры Іс-шараға аккредиттеу бойынша (БАҚ өкілдері үшін): Дина Кабдрахимова, 8 777 501 0505, astana@pressclub.kz цитатаның соңы [2022-11-14]