"HALYK FINANCE" АҚ, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ, "FREEDOM FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "BCC INVEST" АҚ 2022 ЖЫЛҒЫ 15 ҚАРАША САҒАТ 11:00-ДЕ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК" АҚ IPO АЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ БӨЛШЕК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

14.11.22 19:19
/KASE, 14.11.22/ – "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) жай акцияларына жазылу кезінде бірлескен букраннерлер болып табылатын "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлама берді, онда мыналар хабарланады: цитатаның басы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоуды өткізу шеңберінде инвесторлармен кездесулер өткізуді бастайды және сізді Түркістан қаласындағы әлеуетті бөлшек сауда инвесторларымен кездесуге қатысуға шақырады. Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары, IPO параметрлері және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып береді, сондай-ақ Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді. Спикерлер: - Мамытов Дамир Ғабитұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің аға менеджері - Нұрыш Нұрдаулет Мұхамедиярұлы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қаржы департаментінің аға маманы - Кенжебаев Давлат Намазұлы, АО "Halyk Finance" өкілі - Тәжібаев Дархан Қанатұлы, Freedom Broker клиенттерге қызмет көрсету бойынша аға менеджері - Еркінұлы Ерназ, "BCC Invest" АҚ бизнесті дамыту жөніндегі менеджері 2022 жылдың 15 қарашасында сағат 11-де "Ұлы дала елі" мұражайында презентация өтеді. Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жолбарысхан көшесі 1/2 Іс-шараға аккредиттеу сұрақтары бойынша (БАҚ өкілдері үшін) мында хабарласыңыз: Әсел Бірімжарова, +7 701 749 0200. цитатаның соңы [2022-11-14]