"HALYK FINANCE" АҚ, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ, "FREEDOM FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "BCC INVEST" АҚ 2022 ЖЫЛҒЫ 17 ҚАРАША САҒАТ 09:00-ДЕ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК" АҚ IPO АЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ БӨЛШЕК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

14.11.22 19:12
/KASE, 14.11.22/ – "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) жай акцияларына жазылу кезінде бірлескен букраннерлер болып табылатын "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлама берді, онда мыналар хабарланады: цитатаның басы "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоуды өткізу шеңберінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) инвесторлармен кездесулер өткізуді бастайды және Сізді Петропавл қаласындағы әлеуетті бөлшек сауда инвесторларымен кездесуге қатысуға шақырады. Спикерлер: - Нугербеков Даниял Серікұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің аға менеджері - Қарсыбек Қуан Қайроллаұлы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Қаржы департаментінің жетекші маманы - Иманқұлов Руслан Булатұлы, Halyk тобының өкілі - Световой Виталий Валерьевич, Петропавл қаласындағы Freedom Вroker аймақтық директоры - Қасымова Айдана Амангелдіқызы, "BCC Invest" АҚ бөлшек сауда дирекциясының сату жөніндегі менеджері Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары, IPO параметрлері және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып, Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді. Таныстырылым 2022 жылғы 17 қарашада сағат 09.00 Петропавл қ., көш. Қазақстан Конституциясы, 1а, Кіші залы мекенжайы бойынша "Green Which" қонақ үйінде өтеді. Іс-шараға аккредиттеу сұрақтары бойынша (БАҚ өкілдері үшін): Екшембеева Саяна, +7 707 111 88 16. цитатаның соңы [2022-11-14]