"HALYK FINANCE" АҚ, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ, "FREEDOM FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "BCC INVEST" АҚ 2022 ЖЫЛҒЫ 16 ҚАРАША САҒАТ 11:00-ДЕ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК" АҚ IPO АЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ БӨЛШЕК ИНВЕСТОРЛАРМЕН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

14.11.22 19:06
/KASE, 14.11.22/ – "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) жай акцияларына жазылу кезінде бірлескен букраннерлер болып табылатын "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлама берді, онда мыналар хабарланады: цитатаның басы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (ҚМГ) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоуды өткізу шеңберінде инвесторлармен кездесулер өткізуді бастайды және Сізді Ақтөбе қаласындағы әлеуетті бөлшек сауда инвесторларымен кездесуге қатысуға шақырады. Таныстырылым 2022 жылғы 16 қарашада сағат 11.00 Бөкенбай батыр көшесі, 2 мекенжайы бойынша "Дастан" қонақ үйінде конференц-залда өтеді. Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, IPO параметрлері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып береді, сондай-ақ Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді. Спикерлер: - Дәурен Ақшалов, "Самұрық-Қазына" АҚ комплаенс қызметінің басшысы - Мақсат Байзатов, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қаржы департаментінің жетекші маманы - Бахыт Нұрдавлетов, "SkyBridge Invest" АҚ трейдинг департаментінің директоры; - Шолпанай Умирбаева, Halyk тобының өкілі - Мадина Имашева, "BCC INVEST" АҚ бөлшек сауда департаментінің менеджері Іс-шараға аккредиттеу бойынша (БАҚ өкілдері үшін): Шынар Сокурова, +77023302500, tmr12@pressclub.kz цитатаның соңы [2022-11-14]