"HALYK FINANCE" АҚ, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ, "FREEDOM FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "BCC INVEST" АҚ 2022 ЖЫЛҒЫ 18 ҚАРАША САҒАТ 10:00-ДЕ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК" АҚ IPO АЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ БӨЛШЕК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ.

14.11.22 18:55
/KASE, 14.11.22/ – "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) жай акцияларына жазылу кезінде бірлескен букраннерлер болып табылатын "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлама берді, онда мыналар хабарланады: цитатаның басы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоуды өткізу шеңберінде инвесторлармен кездесулер өткізуді бастайды және Сізді Тараз қаласындағы әлеуетті бөлшек сауда инвесторларымен кездесуге қатысуға шақырады. Спикерлер: 1. Ереулиев Арман Мандибекұлы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Бюджеттеу және жоспарлау департаментінің директоры 2. Жаканова Шынар, SkyBridge Invest АҚ сату департаментінің директоры 3. Ексарская Надежда, Freedom Broker клиенттермен жұмыс жөніндегі аға менеджер 4. Пірімбек Айдана, Halyk тобы Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, IPO параметрлері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып, Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді. Таныстырылым 2022 жылғы 18 қарашада сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін "Арай Плаза" қонақ үйінде (кіші конференц-зал), Төле би 93 А, мекенжайы бойынша өтеді. Іс-шараға аккредиттеу сұрақтары бойынша (БАҚ өкілдері үшін) мында хабарласыңыз: Гульзия Асылбекова, тел: 8 707 307 11 82, e.mail: pr7@pressclub.kz цитатаның соңы [2022-11-14]