"HALYK FINANCE" АҚ, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ, "FREEDOM FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "BCC INVEST" АҚ 2022 ЖЫЛҒЫ 16 ҚАРАША САҒАТ 10:00-ДЕ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК" АҚ IPO АЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ БӨЛШЕК ИНВЕСТОРЛАРМЕН КОКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

14.11.22 18:49
/KASE, 14.11.22/ – "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) жай акцияларына жазылу кезінде бірлескен букраннерлер болып табылатын "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлама берді, онда мыналар хабарланады: цитатаның басы "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоуды өткізу шеңберінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) инвесторлармен кездесулер өткізуді бастайды және Сізді Көкшетау қаласындағы әлеуетті бөлшек сауда инвесторларымен кездесуге қатысуға шақырады. Спикерлер: - Нугербеков Даниял Серікұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің аға менеджері - Қарсыбек Қуан Қайроллаұлы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Қаржы департаментінің жетекші маманы - Ахметов Бейбут Хайроллаұлы, Halyk тобының өкілі - Карабеков Мұрат Теміржанұлы, Көкшетау қаласындағы Freedom broker өңірлік директоры - Қасымова Айдана Амангелдіқызы, "BCC Invest" АҚ бөлшек сауда дирекциясының сату жөніндегі менеджері Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары, IPO параметрлері және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып, Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді. Таныстырылым 2022 жылғы 16 қарашада сағат 10:00-де Кокшетау қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 33, Халық банкінің орталық кеңсесі, 4-қабаттағы конференц-залында өтеді. Іс-шараға аккредиттеу сұрақтары бойынша (БАҚ өкілдері үшін) мында хабарласыңыз: Екшембеева Саяна, +7 707 111 88 16. цитатаның соңы [2022-11-14]