"HALYK FINANCE" АҚ, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ, "FREEDOM FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "BCC INVEST" АҚ 2022 ЖЫЛҒЫ 16 ҚАРАША САҒАТ 11:00-ДЕ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК" АҚ IPO АЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ БӨЛШЕК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖЕЗҚАЗГАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ
14.11.22 18:40
/KASE, 14.11.22/ – "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122
(KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) жай акцияларына жазылу
кезінде бірлескен букраннерлер болып табылатын "Halyk Finance "Қазақстан
Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом
Финанс" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ
Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлама берді, онда мыналар
хабарланады:
цитатаның басы
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana
International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай
акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоуды өткізу
шеңберінде инвесторлармен кездесулер өткізуді бастайды және сізді
Жезқазган қаласындағы әлеуетті бөлшек сауда инвесторларымен кездесуге
қатысуға шақырады.
2022 жылғы 16 қарашада сағат 11.00-де Жезқазған қаласында Есенберлин
көшесі 29 А мекенжайы бойынша "Байқоңыр" қонақ үйінде презентация
өтеді, конференц-залы.
Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, IPO параметрлері, ҚМГ
инвестициялық артықшылықтары және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері
туралы айтып береді, сондай-ақ Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді.
Спикерлер:
- Абдрахманов Қанат Амангелдіұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ Стратегия
және активтерді қаржы-экономикалық басқару департаментінің аға
менеджері
- Айдарбеков Дархан Жақсыбекұлы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Қаржы
департаментінің жетекші маманы
- Воробьев Денис Дмитриевич, Freedom broker аға менеджері
- Нұрахметов Руслан Есполганұлы, Halyk Тобы
Іс-шараға аккредиттеу сұрақтары бойынша (БАҚ өкілдері үшін) мында
хабарласыңыз: Дина Кабдрахимова, 8 777 501 0505, astana@pressclub.kz
цитатаның соңы
[2022-11-14]