13 желтоқсанда "Кселл" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

14.11.22 15:15
/KASE, 14.11.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 13 желтоқсанында сағат 11:00-де келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын KASE-ге хабарлады: - есеп комиссиясының құрамы туралы; - компания жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - компанияның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды 2022-2024 жылдарға айқындау туралы. Жиналысты өткізу туралы ақпарат сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_special_shareholders_meeting_info_131222_9676.pdf [2022-11-14]