KZ
12 мамыр 2025, 02:22
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.11.2022 15:15 #Корпоративтік уақиғалар

13 желтоқсанда "Кселл" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

/KASE, 14.11.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 13 желтоқсанында сағат 11:00-де келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын KASE-ге хабарлады:

  • есеп комиссиясының құрамы туралы;
  • компания жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
  • компанияның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды 2022-2024 жылдарға айқындау туралы.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат сілтеме бойынша орналастырылды – толығырақ

[2022-11-14]