"Halyk Global Markets" АҚ "Қазақстан даму банкі" АҚ үш шығарылымы бойынша KASE-дегі маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты
08.11.22 16:33
/KASE, 08.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2022 жылдың 09 қарашасынан бастап "Halyk Global Markets" АҚ
("Қазақстан халық банкі" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы, тақырыптамада –
"Halyk Global Markets" АҚ) "Қазақстан даму банкі" АҚ (Астана)келесі
бағалы қағаздары бойынша KASE маркет-мейкер міндеттерін орындаудан
босатылды:
- KZ2C00004273 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb14)
облигацияларына;
- XS1814831563 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZe9)
халықаралық облигациялары;
- XS2106835262 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZe10)
халықаралық облигациялары.
Осы шешім "Маркет-мейкерлер қыметінің ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 3 бабына сәйкес, маркет-мейкердің өз еркімен бас тартуы
себебімен қабылданды.
[2022-11-08]