Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Halyk Global Markets" АҚ "Қазақстан даму банкі" АҚ үш шығарылымы бойынша KASE-дегі маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты
/KASE, 08.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2022 жылдың 09 қарашасынан бастап "Halyk Global Markets" АҚ ("Қазақстан халық банкі" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Global Markets" АҚ) "Қазақстан даму банкі" АҚ (Астана)келесі бағалы қағаздары бойынша KASE маркет-мейкер міндеттерін орындаудан босатылды:
- KZ2C00004273 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb14) облигацияларына;
- XS1814831563 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZe9) халықаралық облигациялары;
- XS2106835262 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZe10) халықаралық облигациялары.
Осы шешім "Маркет-мейкерлер қыметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатының 3 бабына сәйкес, маркет-мейкердің өз еркімен бас тартуы себебімен қабылданды.
[2022-11-08]