KZ
3 шілде 2025, 14:42
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.11.2022 10:36 #KASE Индексі

/ҚАЙТАЛАУ/ 2022 ЖЫЛДЫҢ 03 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ КІРЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 03.11.22, 31.10.22 жаңалығын қайталау/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2021 жылдың 03 қарашасынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

--------------------------------------------------------------------------------
           2022 жылдың 03 қарашасынан бастап   2022 жылдың 03 қарашасына дейін  
         -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
            орналастыры    free     шектеулі    орналастыры    free     шектеулі
Акциялар           лған   float        коэф-           лған   float        коэф-
коды      акциялар саны (Fi), % фициент (Ri)  акциялар саны (Fi), % фициент (Ri)
-------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
CCBN        188 029 035    40,4    1,0000000    188 029 035    40,4    1,0000000
HSBK     10 908 249 222    30,5    0,1597157 10 908 249 242    30,5    0,1568867
KCEL        199 999 975    34,1    0,5987152    199 999 969    34,1    0,5905422
KEGC        259 998 191    10,0    1,0000000    259 998 191    10,0    1,0000000
KSPI        191 176 929    23,7    0,0453383    191 958 533    23,9    0,0498347
KZAP        259 356 608    25,0    0,0734970    259 356 608    25,0    0,0616548
KZTK         10 338 514    16,3    1,0000000     10 338 514    16,3    1,0000000
KZTO        384 618 364    10,0    1,0000000    384 618 364    10,0    1,0000000
--------------------------------------------------------------------------------

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KEGC – "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (KEGC); KZAP – "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ. KSPI – "Kaspi,kz" АҚ,

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2022-11-03]