/KASE, 03.11.22, 31.10.22 жаңалығын қайталау/ – "Қазақстан қор
биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің
2021 жылдың 03 қарашасынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне
енетін – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу
коэффициенттері – анықталды.
Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін,
акциялардың қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.
--------------------------------------------------------------------------------
2022 жылдың 03 қарашасынан бастап 2022 жылдың 03 қарашасына дейін
-------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
орналастыры free шектеулі орналастыры free шектеулі
Акциялар лған float коэф- лған float коэф-
коды акциялар саны (Fi), % фициент (Ri) акциялар саны (Fi), % фициент (Ri)
-------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
CCBN 188 029 035 40,4 1,0000000 188 029 035 40,4 1,0000000
HSBK 10 908 249 222 30,5 0,1597157 10 908 249 242 30,5 0,1568867
KCEL 199 999 975 34,1 0,5987152 199 999 969 34,1 0,5905422
KEGC 259 998 191 10,0 1,0000000 259 998 191 10,0 1,0000000
KSPI 191 176 929 23,7 0,0453383 191 958 533 23,9 0,0498347
KZAP 259 356 608 25,0 0,0734970 259 356 608 25,0 0,0616548
KZTK 10 338 514 16,3 1,0000000 10 338 514 16,3 1,0000000
KZTO 384 618 364 10,0 1,0000000 384 618 364 10,0 1,0000000
--------------------------------------------------------------------------------
КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ
KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті
есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін,
олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free
float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы
акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы
индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау
шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері
KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында
жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық
сессиясының нәтижелері қолданылады.
Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі"
атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жай
бойынша жарияланған.
Индекс беті
http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жай бойынша
жарияланған.
Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын
(алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер
бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция
шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық
таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN – " ЦентрКредит
Банкі" АҚ; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ;
KEGC – "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan
Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (KEGC); KZAP – "Казатомпром"
Ұлттық атом компаниясы" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO –
"КазТрансОйл" АҚ. KSPI – "Kaspi,kz" АҚ,
Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің
тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның
ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік
компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде
анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде
орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының
мәнін ескереді.
Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің
жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына
иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен
стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын
институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді
қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.
Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес
пайызға дейін шектейтін, параметр.
[2022-11-03]