15 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады

02.11.22 10:20
/KASE, 02.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 15 қарашасынан бастап KASE-де Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталған акциялармен сауда-саттық KASE-де 2022 жылдың 01 қарашасынан бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің тиянақталуына байланысты тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұдан бұрын 2022 жылдың 31 қазанындағы "01 қарашасынан бастап KASE-де Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ)" жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" атты KASE жаңалығы жарияланған – https://kase.kz/ru/news/show/1491039/ [2022-11-02]