Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01 қарашадан бастап Apple Inc.US0378331005 (AAPL_KZ), Intel Corporation және US4581401001 (INTC_KZ) және Citigroup Inc. US1729674242 (C_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттық уақытша тоқтатылды
/KASE, 31.10.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 01 қарашасынан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2022 жылдың 07 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін сауда режимдеріндегі мынадай жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:
- Apple Inc. (АҚШ) US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ);
- Intel Corporation (АҚШ) US4581401001 (KASE Global" секторы, INTC_KZ) (США);
- Citigroup Inc. (АҚШ) US1729674242 (KASE Global" секторы,C_KZ)
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2022 жылдың 07 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2022-10-31]