KZ
9 мамыр 2025, 15:08
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.10.2022 17:09 #Қаржы құралдары

21 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында US1491231015 (CAT_KZ) Caterpillar жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 20.10.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) есеп айырысу күні 2022 жылдың 24 қазанына және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) Caterpillar (АҚШ) жай акцияларымен сауда-саттық 2022 жылдың 21 қазанынан бастап KASE-де тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2022 жылдың 24 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2022-10-20]