ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
19.10.22 09:15
/KASE, 19.10.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы
жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 7 995 700 дана;
- банктің 7 375 700 жай акциялары орналастырылған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі
акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ВТБ Банкi" КАҚ (Санкт-Петербург)
болып табылады.
[2022-10-19]