АҚ "Green Power Generation" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.10.22 15:49
/KASE, 18.10.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "Green Power Generation" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 20 100 000 дана; - компанияның 100 000 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Кристалл Менеджмент" АҚ болып табылады. [2022-10-18]