"Еуразиялық банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.10.22 12:18
/KASE, 18.10.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 096 038 900 дана, артықшылықты акциялар саны – 3 000 000 дана; - банктің 20 960 389 жай акциялары орналастырылған, банктің артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫ" АҚ болып табылады. [2022-10-18]