KZ
2 шілде 2025, 17:06
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.10.2022 14:58 #Сауда-саттық ақпараты

12 қазан күні Қазақстан қор биржасында "ОнлайнКазФинанс" Шағын қаржы ұйымы ЖШС KZ2P00008790 (MFOKb6) 35 000 облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 10.10.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 12 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "ОнлайнКазФинанс" Шағын қаржы ұйымы ЖШС (Алматы) KZ2P00008584 (KASE балама сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb4) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілетіні туралы хабарлайды (Астана уақытымен).

------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты:              купондық облигациялар       
ISIN:                                 KZ2P00008790                
KASE сауда-саттық коды:               MFOKb6                      
Номиналдық құны, теңге:               100,00                      
Шығарылым көлемі, млн теңге:                                      
– тіркелген:                          5 000 000                   
– орналастырылған:                    –                           
Айналыста болудың басталуы:           08.09.22                    
Айналыста болу мерзімі:               07.03.23                    
Өтеуді бастау күні:                   08.03.23                    
Купон мөлшерлемесі                    жылдық 8,25 %               
Купонды төлеу мерзімділігі:           жылына 2 рет                
Айналым мерзімі:                      180 күн                     
Купон төлеуді бастау күні:            2022 жылдың 08 желтоқсаны,  
                                      2023 жылдың 08 наурызы      
Уақыттық базасы:                      30 / 360                    
------------------------------------- ----------------------------
Сауда-саттық күні:                    12.10.22                    
Өтеуге дейінгі мерзімі:               146 күн                     
Жарияланған орналастыру көлемі        3 500 000                   
Лот көлемі, дана                      1                           
Сауда-саттық заты:                    таза бағасы                 
Сатуға өтінім түрлері:                шектелімді                  
Өтінім беру тәсілі:                   жабық                       
Өтінімдерді қабылдау уақыты:          10:30–13:00                 
Өтінімдерді растау уақыты:            10:30–13:00                 
Кесім уақыты:                         13:30 (Т+0)                 
Төлем уақыты:                         12.10.22, 13:30             
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:           бағалары кесімді бағаға     
                                      тең немесе кесімдеу         
                                      бағасынан төмен             
                                      өтінімдер кесімделеді       
Өтінімдер бағасына қатысты шектелімді кесімдеу бағасы бойынша     
өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:     қарсылама өтінімдер қабылдау
                                      уақыты бойынша              
Сауда-саттық бастамашысы              "Фридом Финанс" АҚ          
------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен 
облигациялардың (жинақталған сыйақыны қоспағанда) "таза" бағасы 
көрсетілуге тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс.

Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көбейтіндісі көрсетілуге тиіс)

Мәміленің көлемі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі.

Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатушы кестеде көрсетілген төлем уақытына "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-дағы өз шотында бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.

ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағидасы толығырақ мекен-жайда жарияланған.

Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен толығырақ мекен-жайында танысуға болады.

[2022-10-10]