18 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады.

06.10.22 10:31
/KASE, 06.10.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылғы 18 қазаннан бастап KASE-де Freeport-McMoRan Inc. (АҚШ) US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталған акциялармен сауда-саттық KASE-де 2022 жылдың 03 қазанынан бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің тиянақталуына байланысты тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұдан бұрын 2022 жылдың 03 қазанындағы "03 қазаннан бастап KASE-де US35671D8570 (FCX_KZ) Freeport-McMoRan Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" KASE жаңалығы жарияланған – https://kase.kz/kz/news/show/1489360/ [2022-10-06]