/KASE, 05.10.22/ – Бүгін, сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор
биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері (МЕОКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша
арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық (Нұр-Сұлтан қ. уақыты)
өткізілетіні туралы хабарлайды.
-----------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: МЕОКАМ-48
ISIN: KZK200000729
Шығарылымның реттік нөмірі: 0054 / 048
KASE сауда-саттық коды: MOM048_0054
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Айналыстағы облигациялардың көлемі, 95 808 893
дана:
Айналысқа жіберу күні: 16.09.22
Айналыста болудың соңғы күні: 15.09.26
Өтеу мерзімі: 16.09.26
Айналыста болу мерзімі: 4 жыл (1 440 күн)
Купонды төлеу мерзімділігі: 13,90 % жылдық
Купондық төлем кестесі: 1 16.03.23
2 18.09.23
3 18.03.24
4 16.09.24
5 17.03.25
6 16.09.25
7 16.03.26
8 16.09.26
Уақыттық базасы: 30 / 360
----------------------------------------------- -----------------------
Сауда-саттық күні: 05.10.22
Өтеуге дейінгі мерзімі: 3,9 жыл (1 421 күн)
Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 35 000,0
Сауда-саттық заты: таза бағасы
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%: 70
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00
Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00
Кесім уақыты: 17:00 (Т+0) дейін
Төлеу күні және уақыты: 07.10.22
Қарсылама шектелімді өтінімдерді қарама-қайшы
қанағатандыру тәсілі: өтінімдердің шектелімді
бағасы бойынша,
кесімдеу бағасына тең
немесе сатушы үшін
тиімді баға бойынша
-----------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза"
(жинақталған мүддені есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.
Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша
жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде
көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ
(Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер
бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша
шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін
жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-
саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер
қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған
жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні
http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-
жайы бойынша жарияланған.
Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару,
орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу
ережелері
http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша
жарияланған.
ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы
Қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kaz.pdf мекен-
жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпаратпен
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf мекен-жайында
танысуға болады.
Аталмыш облигациялардың шығарыдлымы туралы толық ақпарат
http://kase.kz/ru/gsecs/show/MOM048_0054/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2022-10-05]