KASE 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМІН ЖАСАДЫ

28.09.22 15:30
/KASE, 28.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2022 жылдың қазан айында Биржада айналысқа жіберілген акциялар, депозитарлық қолхаттар және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар комитетімен (Комитет) 2022 жылдың 23 қыркүйегіндегі шешімімен бекітілген және KASE ішкі құжаттарының нормаларын олардағы бағалы қағаздарға қолдану мақсатында қалыптастырылған. 2022 жылдың 01 30 қазаны аралығында әрекет ететін өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 32 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2022 жылдың қыркүйегінде құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге мыналар кірді: 1) NVIDIA Corp.US67066G1040 ("KASE Global", NVDA_KZ секторы) жай акциялары; 2) "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит - Разумный баланс" ЖЗИҚ KZPF00000231 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIrb) үлеспұлдары; 3) "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ000A0H0930 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, CCBNp) артықшылықты акциялары; 4) Yandex N.V. NL0009805522 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, NL_YNDX) жай акциялары; 5) "СНПС - Ақтөбемұнайгаз" АҚ KZ0009093902 ("листингілік емес бағалы қағаздар" секторы, AMGZp) артықшылықты акциялары; 6) Bank of America Corporation US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) жай акциялары; 7) "Баян Сұлу" АҚ KZ1C00000165 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, BSUL) АО; 8) "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ KZ0009089736 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, MMGZp) артықшылықты акциялары. 2022 жылдың қыркүйек айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы тізімінен шығарылды: 1) Freedom Holding Corp US3563901046 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, FRHC_KZ) жай акциялары; 2) The Coca-Cola Company US1912161007 ("KASE Global" секторы, KO_KZ) жай акциялары. 2022 жылдың қыркүйек айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_sep.pdf сілтемесі бойынша жарияланды. 2022 жылдың тамыз айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші сыныптарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_aug.pdf сілтемесі бойынша жарияланды Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2022-09-28]