KZ
RU
EN
16 қыркүйек 2026, 04:52
KZ
RU
EN
Кіру
21.09.2022 19:13 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстанның қаржы министрлігі 21қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында МЕОКАМ-48 бірінші шығарылымын (KZK200000729, MOM048_0054) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,90 %-бен орналастырып, 40,6 млрд теңге тартты

/KASE, 21.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 21 қыркүйегінде KASE сауда-саттық жүйесінде төменде келтірілген шарттарда (Нұр-сұлтан қ.уақытымен) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, TONIA мөлшерлемесіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің (МЕОКАМ) мамандандырылған сауда- саттығының (орналастыру және қосымша орналастыру бойынша) екі сессиясы өткенін хабарлайды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

------------------------------------------------------- -------------------------------
Сауда-саттық күні:                                      21.09.22
Өтеуге дейінгі мерзім:                                  4,0 жыл (1 435 күн)
Жарияланған орналастыру көлемі, млн теңге:              40 000,0
Сауда-саттық заты:                                      "таза" баға
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,           70
%:
Өтінім беру тәсілі:                                     жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                            09:00–11:00
Өтінімдерді растау уақыты:                              09:00–11:00
Кесімдеу уақыты:                                        21.09.22, 15:00
Төлем күні:                                             23.09.22
Шектелімді қарсылама өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: Сауда-клирингтік жүйелерде
                                                        сауда-саттықты өткізу әдістері
                                                        туралы қағиданың 28 бабының
                                                        6 тармағына сәйкес
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:            кесімді бағасына тең немесе
                                                        сатушы үшін неғұрлым тиімді
                                                        болып табылатын шектелімді
                                                        қарсылама өтінімдердің бағалары
                                                        бойынша
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:              орташа сараланған баға бойынша
---------------------------------------------------------------------------------------

Астана қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін эмитент KASE сауда-саттық жүйесінде мамандандырылған сауда-саттық шеңберінде 30 000,0 млн теңге сомасында көрсетілген облигацияларды ауыстыруды жоспарлады. Қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтпеді деп танылды, себебі KASE сауда-клирингтік жүйесінде өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталған сәтте белсенді өтінімдер болмады.

---------------------------------------------------------------------------
ОРНАЛАСТЫРУ КЕЗІНДЕГІ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------------------- -------------------
Қатысушылар саны:                                       4
Берілген өтінімдер саны (барлығы /белсенді):            14 / 14
оның ішінде:
– шектеулі:                                             14 / 14
– нарықтық:                                             0 / 0
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:                  42 380,9
оның ішінде:
– шектеулі:                                             42 380,9
– нарықтық:                                             0,0
Ұсынымға сұраным, %:                                    105,7 %
Берілген өтінімдер бойынша "таза" бағасы, номиналдан % (барлық / белсенді):
– минималды                                             99,2497
– максималды                                            100,0212
– орташа сараланған                                     99,9790
Берілген өтінімдер бойынша кірістілігі, жылдық % (барлық /белсенді):
– минималды                                             13,8900
– максималды                                            14,1500
– орташа сараланған                                     13,9042
------------------------------------------------------- -------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
  қатысушылармен жойылмаған, соның ішінде Растау жүйесінің
  қатысушыларымен расталған, өтінімдер

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне 16,5 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 27,8 %, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 55,7% тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

------------------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация:            40 575 560
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:                40 681 979 759,3
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:                         7
Өтінімдерің қанағаттандырылған қатысушылардың                 2
саны
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, жоспардан%:           101,4
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,                       96,0
сұранымнан %
– минималды                                                 99,9915
– максималды                                                100,0212
– орташа сараланған                                         99,9920
Сатып алушы үшін облигацияларды өтеуге кірістілігі, жылдық %:
– минималды                                                 13,8900
– максималды                                                13,9000
– орташа сараланған                                         13,8998
------------------------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысынан орналастыру кезінде 17,2% брокерлік – дилерлік ұйымдардың үлесіне, 27,5 % басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне, 55,3% өзге заңды тұлғалардың үлесіне келді.

Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, 54 шығарылымның МЕОКАМ-48 толық көлемі (KZK200000729, MOM048_0054) номиналды құны 65 808 893 000 теңге сомасында 65 808 893 облигацияны құрады.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 схемасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕКАМ KASE қайталама нарығында кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні айналысқа жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағаларда бағалануы тиіс.

Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған

[2022-09-21]