"Логиком" АҚ KZ2C00008878 (LOGCb3) және KZ2C00008886 (LOGCb4) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

22.09.22 16:45
/KASE, 22.09.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2022 жылғы 22 қыркүйегіндегі шешімімен "Логиком" АҚ (Алматы) келесі облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі алаңның "акциялар" секторы бойынша енгізілді: - KZ2C00008878 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 3 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360); - KZ2C00008886 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360); Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. KZ2C00008845 облигацияларының шығарылымы 250,0 млрд теңге жалпы сомаға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен 2015 жылдың 10 шілдесінде тіркелген "Логиком" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясында алтыншы болып табылады. "Логиком" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі LOGCb3 және LOGCb4 (сауда коды) берілді. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2022-09-22]