"Банк "Bank RBK" АҚ KZ2C00008845 (INBNb11) және KZ2C00008852 (INBNb12) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

22.09.22 16:27
/KASE, 22.09.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2022 жылғы 22 қыркүйегіндегі шешімімен "Банк "Bank RBK" АҚ (Алматы) келесі облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі алаңның "акциялар" секторы бойынша енгізілді: - KZ2C00008845 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 10 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360); - KZ2C00008852 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 10 млрд теңге; 10 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. KZ2C00008845 облигацияларының шығарылымы 250,0 млрд теңге жалпы сомаға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен 2015 жылғы 10 шілдеде Тіркелген "Банк "Bank RBK" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясында алтыншы болып табылады. KZ2C00008852 облигацияларының шығарылымы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігімен 2022 жылдың 24 тамызында тіркелген, жалпы сомасы 500,0 млрд теңгеге "Bank RBK "Банк" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасының шеңберінде бірінші болып табылады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі INBNb11 және INBNb12 (сауда коды) берілді. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2022-09-22]