"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-нан ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесін кері сатып алуға опционды жүзеге асырылуы туралы хабарлады
/KASE, 21.09.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE- ге 2022 жылдың 20 қыркүйегіндегі баспасөз хабарламасын ұсынды, онда мыналар хабарланады:
...
2022 жылы 15 қыркүйекте "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) 2015 жылы жасалған Опциондық келісім аясындағы өз құқығын пайдаланып, «Самұрық- Қазына» АҚ-тан (бұдан әрі – Қор) Солтүстік Каспий жобасы (бұдан әрі – Қашаған жобасы) бойынша Өнімді бөлу туралы келісімнің 16,88% тиесілі "ҚМГ Қашаған Б.В." ЖШЖК компаниясындағы 50% үлесін 3,8 млрд АҚШ долларына сатып алды.
"Бұл – "ҚазМұнайГаз" үшін соңғы жылдардағы ең ірі сатып алу мәмілелерінің бірі. Қашаған жобасындағы үлесі артуы арқылы ҚМГ-ның шоғырландырылған өндіру, EBITDA, таза пайда және активтер көрсеткіштері жақсарады. Бұл ретте компанияның қарызы да артады. Сатып алу үшін төлем ҚМГ Қашаған Б.В. ақша ағымдарының есебінен жүзеге асырылады деп жоспарлануда", - деп хабарлады ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев.
...
Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – толығырақ жарияланған.
[2022-09-21]