Еуразиялық даму банкінің XS0831571434 (EABRe1) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.09.22 09:36
/KASE, 20.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Еуразиялық даму банкінің XS0831571434 ("Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe1; $500,0 млн; 20.09.12 – 20.09.22; жартыжылдық купон, жылдық 4,767 %, 30/360) халықаралық облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар 2019 жылдың 26 желтоқсанынан бастап KASE ресми тізімінің балама алаңының "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді. Олармен сауда-саттық 2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап ашылды. [2022-09-20]