/KASE, 13.09.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2022 жылдың
19 қазанында оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай
дауыс беру арқылы өтетіні туралы хабарлады.
Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе "КазТрансОйл" АҚ жарғысына өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы.
Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында
орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_special_shareholders_meeting_info_191022_6325.pdf
[2022-09-13]