Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖИІ ОРЫН АЛҒАНЫНА КӨҢІЛ АУДАРАДЫ
/KASE, 13.09.22, 08.09.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) әлемде, соның ішінде Қазақстанда да қазақстандық нарықта қаржы құралдарының саудасына жалған қолжетімділікті пайдалану арқылы алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткеніне назар аударады. Кейбір жағдайларда алаяқтар KASE атынан әрекет ете бастады.
KASE ресми түрде жеке немесе заңды тұлғаларға Биржаның немесе оның қызметкерлерінің тікелей қатысуымен биржа нарықтарында байыту үшін өз қызметтерін ешқашан ұсынбайтынын мәлімдейді.
KASE азаматтарды қырағы болуға және зиянкестердің қулықтарына түспеуге шақырады.
Қор нарығындағы алаяқтық туралы азаматтарға арналған жадынамамен сілтеме бойынша танысуға болады толығырақ
[2022-09-13]