KASE листингілік комиссиясы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00008969 (KMGZpp1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
13.09.22 09:43
/KASE, 13.09.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2022 жылдың 11 тамызында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық
компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00008969 (1 000 тенге, 751 631 400 000
тенге; 13 жыл; 1 ай, жылдық 3,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми
тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға KMGZpp1 қысқартылған белгісі (сауда коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
сайтында жарияланатын болады.
[2022-09-13