"KMF (КМФ)" шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00007883 (MFKMb1) облигациялары бойынша екінші купонды төлегені туралы хабарлады
12.09.22 11:42
/KASE, 12.09.22/ – "KMF (КМФ)" шағын қаржы ұйымы" ЖШС (Алматы)
Қазақстан қор биржасына (KASE) 2022 жылдың 08 қыркүйегінде
KZ2P00007883 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFKMb1)
облигациялары бойынша екінші купондық сыйақыны төлегені туралы
хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес сыйақы 650 000 000 теңге көлемінде төленді.
[2022-09-12]