09 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында The Coca-Cola Company US1912161007 (KO_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады
08.09.22 17:28
/KASE, 08.09.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 09
қыркүйегінен бастап The Coca-Cola Company (АҚШ) US1912161007 ("KASE
Global" секторы, KO_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттық қайта
басталатыны туралы хабарлайды.
KASE ішкі құжатының "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" 11-2-
бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес сауда-саттық 2022 жылдың
16 қыркүйегінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін
тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатыла тұрады.
[2022-09-08]